Шабдар (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:47, 2022 ж. қарашаның 11 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен ШабдарЕсіл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақмола облысы Жарқайың ауданы аумағында. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 872 км2.

Бастауы

Үштөбе тауының солтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Сарыоба тауы тұсында Терісаққан өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Сурет:Ob watershed.png
Есіл алабы

Аңғары кең, арнасы жарлы. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Көктемде тасып, жазда иірім, қарасуларға бөлініп қалады. Көп жылдық орташа су ағымы 0,38 м3/с, лайлылығы 400 — 800 г/м3. Алабы егістік, жағалауы — шабындық.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер