Қоңыр (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:57, 2023 ж. наурыздың 31 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына ҚоңырАршалы өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

Ақмола облысы Сандықтау және Бұланды аудандары жерімен ағады.

Бастауы

Жақсытүкті тауының сілемдерінен бастау алып, Новобратское ауылының тұсында Аршалы өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 845 км2. Өзеннің су жиналатын жоғарғы бөлігі негізі қатпарлы келген жазық, төменгі ағысы делювийлі-пролювийлі жазық. Қар және грунт суларымен толығады. Суы жайылымдарды суландыруға, жайылмалық шалғындар мен бау-бақшаларды суғаруға пайдаланылады.

Топырағы мен өсімдігі

Карбонатты қара топырақтан тұратын алабы жыртылған. Жыртылмаған телімдерінде қызыл қаулы-бетегелі әр түрлі шөптесіндер өскен, жайылмаларда шалғын қалыптасқан.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер