Жыланды (өзен, Ақмола облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:28, 2024 ж. наурыздың 15 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Жыланды (Керегетас) – Есіл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақмола облысы Сандықтау және Атбасар аудандары жерімен ағып өтеді.

Бастауы

Бастауын Көкшетау қыратындағы Жыланды тауының оңтүстігінен алып, Атбасар қаласының солтүстік-шығысындағы Жабай өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 140 км, су жиналатын алабы 3650 км². Өзеннің аңғары тар. Әрқайсысының ұзындығы 50 км-ден аспайтын 9 саласы бар. Ірілері: Құттың көзі, Жекебұлақ. Жылдық орташа су ағыны Новосельское ауыл тұсында 0,68 м³/с. Өзенде аққайран, шортан, мөңке, т.б. тіршілік етеді. Өзен суы шаруашылыққа пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер