Аққұм түбегі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:15, 2023 ж. қаңтардың 10 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Түбек Үлгі:Мағына АққұмБалқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды түбек.

Географиялық орны

Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде.

Сипаты

Балқаш көліне оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай сұғына еніп жатыр. Аумағы 23 км2, ұзындығы 9 км, ені 2 – 4 км. Жағалауы құмдауытты. Жері үйме және сусыма құмды келеді.

Өсімдігі

Жүзгін, қоянсүйек, теріскен, жағаға жақын ойыста жыңғыл, жағалауында құрақ, қамыс өседі. Аққұм – қысқы мал жайылымы. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм. Қаңтар айының орташа темпертурасы –15 – 16°С, шілде айында 22 – 24°С.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер