Кейкі үңгірі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кейкі үңгірі1916 жылғы Торғайдағы Ұлт-азаттық көтерілісінің қаһармандардың бірі Кейкі мерген паналаған орын.

Батыр қуғынға ұшыраған жылдарында Ұлытау, Сарлық, Жетіқыз, Сарыторғай, Қараторғай өзендері маңында жасырынған үңгір биіктігі 30 м қатпар жартасының орта деңгейінде. Ішіне 7-8 адам еркін сияды, төбесі биік. Оң жақ бұрышында ішке кіретін қаға-беріс қуыс бар. Үңгірден көз көрім жер анық бақыланады. Етегіне қалың тал, қайың өскен. Батыр осы аймақтағы 1919-1923 ж. паналанған. Кейкі үңгірі Шеңбер ауылынан Сарыторғайға қарай Қараторғайға өзенінің солтүстік беткейіндегі биік жартаста, төлек Махат кесенесінен 2 км шығысқа қарай, өзен иірімінде орналасқан.<ref>ТОРҒАЙ ЕЛІ. Энциклопедия / Құраст. Т.Рсаев. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2013. – 456 бет + 16 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-179-4</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер