Жалаңаш аңғары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Аңғар Жалаңаш аңғарыІле Алатауының шығысында, Торайғыр, Қулықтау және Күнгей Алатауы аралығындағы аңғар.

Географиялық орны

Алматы облысының Райымбек ауданы жерінде орналасқан. Шарын, Шілік өзендері осы аңғармен өтеді.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 1300 — 1500 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 — 90 км-ге созылып біртіндеп аласарады, ені 20 — 25 км. Палеоген мен неогеннің аллювий және делювий шөгінділерінің борпылдақ жыныстарынан түзілген. Жалаңаш аңғарының қызыл қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас астық тұқымдасты шөптесіндер өседі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер