Орта биіктікті таулар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Орта биіктікті таулар — абсолютті немесе салыстырмалы биіктігі 500 м-ден 1500—2000 м-ге дейінгі аралықта болатын таулар. Орта биіктікті тауларға (Орта Герман және Карпат типтес таулар жатады. Кейде бұларға биік таулардың кей бөліктерін де жатңызады. Мұндай жағдайда орта биіктікті таулар биік таулы үстірттің үстінде орналасады. Мысалы, Шығыс Памир жоталарында орта биіктікті таулардың абсолютті биіктіктері 5000 м-ден асады, бірақ таулы үстірттен есептегенде олардың салыстырмалы биіктігі 1000 м-дей ғана.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub