Короленко мұздығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұздық Короленко мұздығыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Ақтас өзенінің бастауында орналасқан. Мұздыққа орыс жазушысы В.Г. Короленконың есімі берілген (1957).

Жер бедері, аумағы

Тентек шыңынан (4098 м) басталып, 3000 м-ге дейін төмендейді. Ұзындығы 6,2 км, оның ашық жатқан жері 4,8 км. Жалпы ауданы 9,5 км2, фирн алаңы 2,2 км2. Мұздықтан Тентек өзенінің салалары толығады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер