Жарсай мұздығы
Үлгі:Мұздық Жарсай мұздығы – Іле Алатауы орта тұсының солтүстік беткейіндегі аңғарда қалыптасқан. Талғар шыңы төңірегіне шоғырланған тұтас мұздықтар алабының қиыр шығыс шетінде (4560- 4600 м биіктікте) орналасқан. Мұздықтан Есіктің саласы - Жарсай өзенінен бастау алады.
Аумағы, жер бедері
Жалпы ауданы 5 км2, ұзындығы 4,6 км, таза мұзының көлемі 0,3 км3. Фирн алаңы 3760 метрден жоғарыда жатыр. Мұздық тілі 3410 м-ге дейін төмендейді. Жарсай өзенінің аңғарымен сел жиі жүреді, сондықтан Жарсай мұздығын кейде "Жындысу мұздығы" деп те атайды. 1963 жылы 7 шілдедегі лай тасқыны Есік обасы кемерін бұзып өтіп, көл шарасын сусыз қалдырды.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>