Конституция мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұздық Конституция мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Талғар өзенінің бастауында орналасқан. 1910 жылы С.Е. Дмитриев ашқан.
Аумағы, жер бедері
Мұздық 4520 м биіктіктен 3270 м биіктікке дейін созылып жатыр. Ұзындығы 6,0 км (оның ішінде ашық бөлігі 5,7 км), жалпы ауданы 6,0 км2, мұз көлемі 0,4 км3. Мұздық тілінің ашық жері 1,9 км2. Мұздық еріп, жылына 15-20 м-дей қысқаруда.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>