Кеңшағыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:20, 2022 ж. желтоқсанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл КеңшағылАрал қарақұмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Ұлытау облысы Ұлытау және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандарының шекарасында орналасқан.

Жер бедері

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 16 км, енді жері 5 – 7 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 101 м. Жер бедері тізбекті төбелерден, белесті құм жалдардан тұрады. Жер асты су көздерінің тереңдігі 1 – 25 м аралығында.

Геологиялық құрылымы

Бор және палеоген шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, көкпек өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер