Қатыншоқай

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:36, 2022 ж. желтоқсанның 20 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл ҚатыншоқайҚаратау жотасының солтүстік-батысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылының солтүстік-шығысында 77 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Ең биік жері 130 м шамасында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 17 км. Жер бедері бұйратты келген. Солтүстігінде Ащыкөл, шығысында Саумалкөл сорлары, батысында Киікатқан, Қарақазған, оңтүстігінде Шейіт, Қатынқұдық құдықтары бар. Ойыстарда грунт сулары жер бетіне жақын жатыр.

Өсімдігі

Құмда сексеуіл, жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер