Баршақұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:02, 2022 ж. желтоқсанның 18 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл БаршақұмАрал қарақұмының солтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Арал және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 112 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 40 км, аумағы 1,7 мың км2. Жер бедері қырқалы-төбешікті, бірен-саран шағылдар (биіктігі 7-12 м) кездеседі. Құм төбелері арасында Берді, Аймаңдай, тағы басқа құдықтар кездеседі.

Өсімдігі

Құмның сұр, сортаңды топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер, грунт суы жер бетіне жақын жатқан ойысты жерлерде жыңғыл, ши, құрақ өседі. Жыл бойына мал жайылымына пайдаланылады. Мұнда Бөбешек, Мейірман, Жыланды, Манасбай, Көкқабақ қыстаулары орналасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер