Жіңішкеқұм (құм, Қызылорда облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:08, 2022 ж. желтоқсанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Үлгі:Мағына ЖіңішкеқұмАрал қарақұмының оңтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Қызылорда облысының Қазалы ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттiк биіктігі – 80–100 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері – 20 км. Аумағы – 2,1 мың км2. Жер бедеріне қырқалы-төбелі (биіктігі – 10–12 м) құмдар тән. Олар желдің әсерінен пайда болған.

Өсімдігі

Өсімдік жамылғысынан құмжусан, бидайық, сұржусан, теріскен басым өскен. Одан басқа ақ сексеуіл мен жүзгін өседі. Грунт суы жақын жатқан ойпаңды жердің шалғынды және сор топырағында құрақ, ши, бұйырғын өскен. Алқап жайылым ретінде пайдаланылады<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер