Жуанқұм (Қызылорда облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Үлгі:Мағына Жуанқұм – Қызылқұмның солтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Сырдария өзенінің қазіргі аңғары мен атырауы және Сырдарияның тармағы – Қуаңдарияның ескі арнасы аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 км-ге созылған, енді жері 20 км, аумағы 1,2 мың км2. Көне аллювийлік шөгінділерден түзілген. Қырқалы-төбелі, ұсақ төбелі құмдар Сырдарияның ежелгі атыраулық жазығын алып жатыр. Жер бедерінің ойпатты жерлерінде жазда кеуіп қалатын көлшіктер кездеседі. Жер асты суы 5 – 20 м тереңдікте жатыр.

Өсімдігі

Еркекшөп, сұр жусан және әр түрлі шөпті эфемерлі өсімдіктер (үрме жемісті өлеңшөп, қоңырбас, күйреуік, эфедра, жүзгін) өскен. Қырқалар етегінде ақ сексеуіл тоғайы кездеседі. Жуанқұм жайылым ретінде пайдаланылады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер