Бөрте (ауыл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Бөрте (2009 жылға дейін - Студенческое<ref>Мәртөк ауданының Студенческое селосын Бөрте ауылы деп қайта атау туралы</ref>) — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы, Қызылжар ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиясы

Ауданның солтүстік-шығысы, қиялы - Бөрте өзенінің бойында, аудан орталығынан - 76 км, Ақтөбеден -150 км қашықтықта орналасқан. 1986 жылы жер көлемі 19967 га, егістік 8446 га.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 768 адам (3794 ер адам және 394 әйел адам) болса, 2009 жылы 618 адамды (310 ер адам және 308 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 415 адамды (214 ер адам және 201 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Ілкіде «Степной пахарь», «Сталин» ұжымшарлары болған.

Инфрақұрылымы

Аудан аралық тас жолы бар. Кеңшарда 1990 ж. 56 трактор, 53 машина, 35 комбайн болды. Ұжымшарда а.ш. техникалық жөндеу шеберханасы, орта мектеп, интернат, клуб, кітапхана, фап, балабақша, телерадиоторабы, монша болған. 1990ж. Реформадан кейін «Бөрте» ө.к. құрылды. Онда 340 адам жұмыс істейді. Қарамағында 29 адам мүшесі бар «Бөрте» ЖШС. Және 2-6-ға дейін адамы бар «Еңбек», «Рассвет»,»еламан», «Мақсат», «Слава», «Виктория» шаура қожалықтары құрылған<ref name="source1">Ақтөбе энциклопедиясы 2001.</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мәртөк ауданы елді мекендері