Мәртөк

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

МәртөкАқтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, аудан және Мәртөк ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Ақтөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Елек өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 8117 адам (3924 ер адам және 4193 әйел адам) болса, 2009 жылы 9795 адамды (4670 ер адам және 5125 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10679 адамды (5243 ер адам және 5436 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі ТашкентОрынбор темір жолының салынуына байланысты қаланған. Мәртөкте ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мәртөк арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы және Ақтөбе – Мәртөк автомобиль жолы өтеді.

«Мәртөк» елді мекенінің атауына қатысты пікірлер осы уақытқа дейін әртүрлі. Олардың барлығы да назарға алуға тұрарлық, бірақ мұрағаттық дәлелдер жоқ. Газеттердегі жарияланымдардың біреуі ауданның атауы «мортық» шөбінен шыққан десе, басқалары мибатпаққа батып кеткен ақмаңдай жалғыз мүйізді бұқа туралы аңыздан қалды дейді.<ref>http://martuk.aktobe.gov.kz/kk/node/850 Үлгі:Webarchive</ref><ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Мәртөк ауданы елді мекендері