A-29 автомобиль жолы (Қазақстан)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:07, 2023 ж. желтоқсанның 21 кезіндегі Casserium (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жол A-29 — ұзындығы 100 километр болатын Қазақстан аумағындағы ақылы автомобиль жолы.<ref>Үлгі:Cite web</ref> E38 Еуропалық маршруты мен AH61 Азиялық маршрутының құрамдас бөлігі. Тас жол Орал қаласын Саратов қаласымен (Ресей Федерациясы) байланыстырады.

Маршруты

A-29 жолының маршруты
Зашаған Перемётное Тасқала РФ шекарасы

Сипаттамасы

A-29 трассасы Зашаған кентінің тұсынан басталып, Қазақстан-Ресей шекарасында аяқталады. «Тасқала» өткізу бекеті арқылы Саратов қаласына қатынауға мүмкіндік бар.

20 қарашада жарияланған Республикалық маңызы бар Орал — Ресей Федерациясы шекарасы (Саратов) тас жолы ақылы болатыны туралы бұйрық 1 желтоқсанда күшіне енеді. Құжатқа сәйкес 98.9 км жолмен жүргендер төмендегідей сома төлейді:

  • орын саны 16-дан аспайтын автобустар және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.142 АЕК (489.9 теңге);
  • орын саны 32-ден аспайтын автобустар және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.284 АЕК (979.8 теңге);
  • орын саны 32-ден көп автобустар және 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.426 АЕК (1469.7 теңге);
  • 10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.568 АЕК (1959.6 теңге);
  • тіркемесі бар жүк көліктері мен ершікті тартқыштарды қоса алғанда, 15 тоннадан ауыр жүк көтеретін машиналар — 0.71 АЕК (2 449.5 теңге).
  • Ақылы жолға іргелес елді мекен тұрғындары 1-5 АЕК (2023 жылы 3450-17250 теңге) шамасында болатын айлық абонемент немесе 12-60 АЕК (41 400-207 000 теңге) тұратын жылдық абонемент сатып алса болады.<ref>Орал — РФ шекарасы (Саратов) тас жолы ақылы болады</ref>

Қайта жаңғырту жұмыстары

Тас жол 2018 жылы толық реконструкциялаудан өткізілген.<ref>БҚО дағы автожолдардың екі учаскесінде жол жүру тарифі енгізілді</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер