Жанбай аралы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Арал Үлгі:Мағына ЖанбайКаспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал.

Географиялық орны

Атырау облысы Құрманғазы ауданы жерінде. Еділ атырауының шығыс шеткі тармағына қарама-қарсы 17 шақырым жерде орналасқан. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан аралдың ұзындығы 20 шақырым, ені 4 шақырымдай. Аралдың жағалаулық қайраңдары балықтардың ұрық шашуына өте қолайлы.

Сипаттамасы

Арал жағалаудан 1,5 шақырым жерді алып жатыр. Аумағының ауданы 108 км2. Жер бедері саз батпақты келеді, онда қамыс, құрақ өседі. Батысымен балық аулайтын кемелерге арналған теңіз каналы жүргізілген. Құрлықпен паром арқылы қатынайды. Аралда елді мекен жоқ.<ref>Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. - 312 бет + 16 бет түрлі-түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-535-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер