Көркембай мешіті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Wikify


Үлгі:Мешіт Көркембай мешітіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылынан 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Сипаты

1992 жылы А.М. Қоғалбаева, 2007 жылы "Көшпелілердің мәдени мұрасының мәселелері бойынша ҚазҒЗИ"-нің экспедициясы қараған.
Жергілікті ауқатты-бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған. Мешіттің жоспары 22 бөлмелі тік төртбұрышты құрылыс, іргетасы жоқ 1 сатылы қабырғаның төменгі жақ қаландысы үстіне орнатылған. Мешіт қам кесектен тұрғызылған, қабырғасы сыртынан әктастармен қапталған, ішкі қабырғалар сыланған. Ғимарат ортасында 4 үлкен зал орналасқан, периметр бойымен арқалығы бар босағалар мен күмбезді шатыры бар бөлмелер қабырғадан шығып тұратын жалған бағаналы болып қатарласқан.
Ортадағы залдардың күмбезі өзегі шаршы болған колонналарға (бағанға) сүйенген. Қасбеттер бұрыштары мен қабырғаларда (екі-екіден) пилястрлер қаланған. Есік қуысы негізінен шығыс және батыс қасбеттерінде орын тепкен, қабырғаларында терезе саңылаулары бар.
Қайта жөндеу жұмыстары 1991 жылы жүргізілген – қабырға, күмбездің құлаған жерлері қалпына келтіріліп, жалпақ тастардан цемент-құм сылағы негізінде дуал-қоршау тұрғызылған. Ғимараттың периметрі бойында орналасқан бөлмелердің 2 күмбезіндегі жарық байқалған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Пайдаланылған материалдар

  • Маңғыстаудың "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі архиві материалы.
  • ҚазКСР мәдениет Министрлігі "Қазжобалауқалпынакелтіру" институты мұрағатының материалы 1990 жыл.
  • "Көшпелілердің мәдени мұрасының мәселелері бойынша ҚазҒЗИ"-дің далалық материалдары 2007 жыл.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер