Нұрқабай құдығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:12, 2025 ж. наурыздың 6 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Нұрқабай құдығы.jpg
Нұрқабай құдығы.

НұрқабайТүпқараған түбегіндегі Тамшалы бұлағының оңтүстік-шығысындағы шыңырау (құдық), Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХIХ ғасырдағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 35 км шығыс бағытта орналасқан.

Тарихи дерек, сипаты

Ескерткіш Маңғыстау МТМҚ ММ 2005 жылы анықталған. Құдықты Нұрқабай байдың ұсынысы бойынша ХIХ ғасырда танымал құдықшы Бәли қазған. Мәлімет берушілердің айтуынша құдықтың тереңдігі 36 құлаш. Кезінде Нұрқабай әр құлашқа екі қой беріп қаздырған көрінеді.
Жоғарғы суды түйенің терісінен жасалған қауғаға қыл арқан байлап, шығыр доңғалағының көмегі арқылы, түйе күшімен тартылған. Құдықты пайдаланар алдында, кезінде құдықты екі мәрте тазалап отырған.
Қазіргі уақытта құдықтың мал суғару үшін, суды су сорғыш мотор арқылы сорып алынатын қоры үш отар қойды суаратындай шамасы бар.
Құдықтың қазіргі кездегі тереңдігі 56,4 м, сағалық аузының диаметрі 69 см.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер