Маңғыстау жер асты мешіті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мешіт Маңғыстау жер асты мешіті — Маңғыстау жер асты мешітті кей кезде Бекет ата жер асты мешіті деп те атайды.

Орналасқан жері

Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы

Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған.

Тарихы

Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады.

Бұл күнде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Маңғыстау облысындағы Үстіртте орналасқан Бекет ата жер асты мешітіне арнайы зиярат етіп келушілер көп. Облыс орталығы Ақтау қаласынан Қарақия ойпаты арқылы Жаңаөзен қаласына жетіп, әрі қарай міндетті түрде Шопан ата қорымына соғады. Кей аңыздарға қарағанда қорым, Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Шопан ата салдырған жер асты мешітінің төңірегіне салынған. Маңғыстау жер асты мешіті сияқты мешіттер өте аз , осы мешіт өзінің түрімен басқа мешіттерге қарағанда ерекшелінеді .