Ақсаз газ конденсат кен орны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Газ кен орны Ақсаз газконденсат кен орны — Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентінен 80 км жерде орналасқан. 1988–1989 жылдары барланып, 1995 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Ортаңғы триастық көтерілімнің күмбездік бөлігі юралық құрылымға қарағанда батыс бағытқа ығысқан.
Жатыс сипаты
3950 м-лік изогипспен шектелген, өлшемдері 4×3 км, амплитудасы 75 м. Сынау деректерінің негізінде әр түрлі режимдерде зерттелулермен анықталған иірілімдер қанығуының сипаты, флюидтердің физикалық-химиялық қасиеттері, иірімді газконденсатты және оны ортаңғы триастың карбонаттық бөлігіндегі жанартаутектік-доломиттік жыныстарда орналасқан деп жорамалданған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>