Маңғыстау марганец кендерінің тобы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:25, 2015 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Маңғыстау марганец кендерінің тобы, Маңғыстау облысы Шетпе темір жол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде.
- Кен орнын алғаш 1908 жылы Н.И.Андрусов (1861 — 1924) ашқан.
- 1942 — 55 жылы толық геологиялық зерттеу жүргізіліп кендердегі марганец мөлшері мен жалпы қоры анықталды.
- Маңғыстау марганец кендері тобының жаралуы негізінен палеоген шөгінділерімен байланысты. Кен қабаты кварц-глауконит құмдары мен марганец араласқан құмтастан құралған. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған (ұзындығы 3,5 — 20 км, ені 1,5 — 4,0 км аралығында). <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
- Маңғыстау марганец кендерінің тобы 4 телімнен тұрады (Сартаған, Шақырған, Қарақыз, Қызылтұран). Бұлардың әрқайсысында 1-ден 8-ге дейін линза пішінді кен денелері бар. Кендері жұмыр болып келеді. Мұндағы марганец мөлшері 20%. Басты минералдары: псиломелан, пиролюзит, вад, темірдің гидрототықтары. Сондай-ақ, кварц, глоуконит, дала шпаттары, минералдар кездеседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>
Дереккөздер
<references/>