Қаракешу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:10, 2015 ж. мамырдың 15 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ҚаракешуБозащы түбегінің оңтүстік-шығысындағы сор.

Маңғыстау ауданы жерінде. Қаракешу Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде 1941 жылы пайда болған шығанақтың орны. Каспий теңізі деңгейінен 3 м төмен. Қайдақ сорының батыс бөлігінен (Қошақ мүйісіне қарай) солтүстік-батысқа қарай 50 км-ге созылып жатыр, ені 20 км шамасында. Ауданы 900 км²-дей. Сор табанына шөккен құмды-саздақтың үстін тұз қабыршақ жауып жатады. Орта тұсында сазды-батпақты бірнеше аралдар бар. Ең ірісі – Ақшығанақ аралы. Жайпақ жағасында сораң өсімдіктер өседі. Сордың солтүстік-шығысында өзімен аттас тұзды көл жатыр. Оның ұзындығы 16 км, ені 6 км. Бұл жерден ас тұзы өндіріледі.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref><ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998 </ref><ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000</ref><ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001</ref><ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002 </ref><ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref><ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006</ref><ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006</ref><ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006</ref><ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала