Қарынжарық ойысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:28, 2026 ж. сәуірдің 9 кезіндегі Rasulbek Adil (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ойпат Үлгі:Мағына Қарынжарық – Оңтүстік Үстірт кемеріндегі ойыс.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Өзімен аттас құмды алқаптың шығысын бойлай созылып жатыр.

Жер бедері

Ұзындығы 90 км-ге жуық, енді жері Кендірлі сорын қосып есептегенде 12 км болады. Табаны теңіз деңгейінен 52 м төмен жатыр. Қиыр оңтүстігінде абсолюттік биіктігі 116 м төбе, солтүстігінде биіктігі 209 м болатын Қарамая тауы орналасқан. Ойыстың шығыс бөлігінде Оңтүстік Үстірт кемерінің кертпештелген шыңдары созылып жатыр (абсолюттік биіктігі 201 м, салыстырмалы биіктігі 149 м). Батысында құмды саздақтардан құралған аллювийлі құмды жазық орналасқан. Мұнда жусан, күйреуік, т.б. сораң шөптер өседі. Ойыс Үстірт мемлекеттік қорығына жатады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер