Қарашек (төбе)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Үлгі:Мағына Қарашек – Қарынжарық құмының солтүстік бөлігіндегі төбе.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Төлеп ауылының солтүстік-батысында 100 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 194 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Солтүстігінде Тұщысайқұдық құдығы мен өзімен аттас Қарашек көлі, шығысында Қарынжарық ойысы, батысында Сарыой қонысы мен Бұрма төбесі бар. Құмды-саздақты аллювийлі жазығында жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>