Бозжыра шатқалы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Каньон Бозжыра шатқалыАқтау қаласынан 300 км жерде орналасқан табиғи нысан.<ref>Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары – Астана: Фолиант, 2017 ж., 338 бет;</ref>

Географиялық орны

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 300 километр жерде, Қарақия ауданы аумағында орналасқан.

Сипаты

Үстірттің бұл бөлігі әктастардан құралған шөлді ландшафтардан, биіктігі 250 метрге жететін таңбалы тастардан тұрады. Бұл аумақтан тасқа айналған ұлу қабыршақтарын, теңіз кірпісін, белемнит деп аталатын былқылдақ денелілерді, тіпті мезозой дәуіріндегі Тетис мұхитында өмір сүрген акуланың тісін де табуға болады. Ежелгі мұхит орнында түзілген әктастар мен құздар Маңғыстаудың, жалпы алғанда Қазақстанның мақтан тұтар "жауһарына" айналған. Шатқалда палеолиттен бастап ерте орта ғасырға дейінгі кезеңге жататын археологиялық ескерткіштер шоғырланған.Бозжыра шатқалы Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын аймақтар тізіміне кіреді және аумағы 316 141 гектарды құрайтын Жабайұшқан мемлекеттік табиғи қаумалының бір бөлігі саналады.<ref>https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-authorities-lobby-for-a-hotel-project-in-the-bozzhyra-tract-despite-public-opposition/30956073.html</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер