Құлалы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:32, 2024 ж. наурыздың 3 кезіндегі ДолбоЯщер (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Арал ҚұлалыКаспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі доғаша иілген арал. Түлендер (Итбалықтар) аралдарының құрамында.

Сипаты

Каспийдің шығыс жағасындағы Түпқараған мүйісінің солтүстік-батысында 22 км жерде, ұзындығы 39 км, ені 2 км, ауданы 38 шаршы км. Аралдың жер бедері аласа келген, орта бөлігінің батыс жағалауы құм төбелі. Өсімдігі сирек. Солтүстігінде Қазақ гидрометеорологиялық басқармасының метеорологиялық станциясы бар.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер