Булыойық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Үңгір Булыойық, Құрмаштың сүйретпесіМаңғыстау облысы Қарақия ауданы Үстіртке шығар жердегі Өнере бұлағынан солтүстік-шығысқа қарай 70 – 80 км жердегі үңгір.

Сипаты

Тегіс жер дөңгелек болып төмен түскен, тереңдігі 10 – 12 м. Оның кіретін жері жарқабақ тәріздес. Төбесі тегіс плита тас, табаны ойшық-ойшық. Түбі біртіндеп төмен кете береді, 10 – 15 м төменге қарай қиғаштап түскеннен соң арттағы жарық көрінбей кетеді. Үңгірдің аузынан 70 – 75 м-дей жерде су көзі бар. Суы тұщы, негізінен, жауын-шашыннан жиналған.

Атау тарихы

«Құрмаштың сүйретпесі» аталуы кезінде Құрмаш ата жаудан қашып, біраз уақыт осы жерге паналаған дейді. Ол тастан ойып аты ішетін астау жасаған. 2 – 3 шелек су сиятын мыс ыдысы болған. Төменнен су мен толы месті қайыс арқанымен тартып шығарған. Үңгірдің аузынан суға дейін әр жерде тастарда қайыс жіптің іздері бар. 19671968 жылдары баспада «Подземная озеро» (жер астындағы көл) деген мақала жарық көрген.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер