Бағатай-беніке

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ойпат Бағатай-беніке Каспий маңы ойпаты Өліқолтық сорының шығысындағы ойыс.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерінде.

Жер бедері, геологиялық құрылымы

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 35 – 38 км-ге созылған, ені 9 – 10 км. Теңіз деңгейінен 57 м төмен жатыр. Олигоцен және төрттік жүйе шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Сұр және бозғылт сортаң топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, жусан басым өскен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер