Қайдақ соры
Үлгі:Wikify Қайдақ соры — Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Бозащы түбегі мен Үстірт аралығында орналасқан. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы аумағында, Өліқолтық шығанағының оң түстігінде жатыр. Ұзындығы 135 км, ені 20 км. Сор табаны Каспий теңізі деңгейінен 28 – 34 м төменде. Оңтүстігін жағалай сазды-батпақты Қаракешу соры орналасқан. Шығыс жағалауын Батыс Үстірт кемерлі шыңы алып жатыр. Бозащы түбегіне қараған батыс бөлігі жайпақ келген. Қайдақ сорының оңтүстігімен Шетпе – Өтеш темір жол және автомобиль жолдары өтеді. 1978 жылдан бастап Каспий теңізі суының көтерілуіне байланысты (2 м-ден 2,7 м-ге дейін) Қайдақ сорының басым бөлігін су басқан.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Атаудың сөзжасамдық сипаты
«Ұлы даланың ұланғайыр мұрасы» атты кітапта қайдақ көне түркі тілінде құстың бір түрінің аты.<ref>Үлгі:Кітап</ref> 1819 жылы Хиуаға келген капитан Муравьев шығанақ атын қайдақ құсының балапан өргізетін отаны деп түсінік береді» – деп жазылады. Ал хайдак - географиялық термин ретінде «жалғыз тау, жеке тұрған шың, саласы жоқ өзен» деген мағыналарда қолданылатын және негізгі мәні моңғолша «жалғыз» (одинокий) деген сөз<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Осы пікірге сүйенсек, Қайдақ топонимі «Бозащы түбегі мен Үстірт аралығындағы жатқан жалғыз сор» деген мағына береді деп топшылаймыз.<ref>Үлгі:Кітап</ref>