Киіктөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

КИІКТӨБЕ– Өліқолтық сорының шығысындағы төбе. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу кентінің солтүстік-батысында 69 км жерде ұялы құмды жалдардың орта бөлігінде орналасқан. Төбе теңіз деңгейінен 2 м биіктікте жатыр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Палеоген және төрттік кезеңдерінің шөгінділерінен құралған. Құмды, сортаңды сұр топырағында бұйырғын, қара жусан, тасбұйырғын, еркек шөп өседі.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub