Қызылорда округі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Әкімшілік бірлік Қызылорда округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Қызылорда округі 1928 жылы 17 қаңтарда Сырдария губерниясының бір бөлігінен құрылды. Округ орталығы Қызылорда қаласы болды. Округ 8 ауданға бөлінді:
- Арал ауданы. Орталығы — Арал қаласы.
- Аламесек ауданы. Орталығы — Аламесек ауылы.
- Қазалы ауданы. Орталығы — Қазалы қаласы.
- Қармақшы ауданы. Орталығы — Қармақшы ауылы.
- Қараөзек ауданы. Орталығы — Тереңөзек ауылы.
- Қарсақпай ауданы. Орталығы — Қарсақпай ауылы.
- Қызылорда ауданы. Орталығы — Қызылорда қаласы.
- Шиелі ауданы. Орталығы — Шиелі ауылы.
1928 жылы 23 маусымда Қараөзек ауданы Тереңөзек ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.