Айбас-қайбас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айбас — Қайбас<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref> — Каспий маңы ойпатындағы шалғынды жазық сор. Ол Батыс Қазақстан облысы Орда ауданындағы Нарын құмының солтүстік жағын, шағын Берішарал өзен мен Аралсор көлі аралығын алып жатыр. Ұзындығы 20 км, ені 10 км, абсолют биіктігі 45 м. Төрттік кезеңнің құмдақты және құмды шөгінділерінен түзілген. Оның шалғынды қызыл қоңыр және бозғылт қызыл қоңыр сортаңды топырағында жусан, қоңырбасты, көкпек тағы басқа өсімдіктер өседі.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub