Тасарал
Тасарал аралы – Балқаш көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі арал.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан.
Жер бедері
Ауданы 30 км2. Абсолюттік биіктігі 375 м. Су деңгейінен 35 м көтеріңкі жатыр. Сәл белесті денудацыялық жазықта тік жарлар кездеседі (биіктігі 3 – 17 м). Жағалық бөлігі террасалы белесті.
Геологиялық құрылымы
Палеозойдың силур жүйесінің тығыздалған жыныстарынан түзілген.
Климаты
Климаты тым континентті. Қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа температурасы –14 oС. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 25 oС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 150 мм.
Өсімдігі
Қалыпты бозғылт қоңыр, шөлдік сортаң топырақтар тараған. Жусан, селеу, көкшұнақ бетеге, бұйырғын, тасбұйырғын өседі. Арал Кенесары мен Ағыбай батырдың сарбаздары дем алатын орын болған.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>