Байғабыл түбегі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Түбек Байғабыл, Балықтыарал – Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы түбек.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан. Шығысында Балықтыкөл шығанағы мен Шайтанарал аралдары, батысында Асабайкөл шығынағы, оңтүстік-батысында Алғазы аралы жатыр.
Жер бедері
Оңтүстік-шығыс бағытта 20 км-ге созылған, ені 1 – 8 км, абсолюттік биіктігі 396 м. Түбектің орта тұсы дөңестеу болып келеді. Жағаларының қатты тілімденген жерлерінде силур кезеңінің құмды туфтары кездеседі.
Өсімдігі
Құнарсыз сұр топырағында жусанды-сораңды шөптесін өсімдіктер өседі. Су жиегі қамысты қоға.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>