Ақайдың Қасені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақайдың Қасені (1859-1931), қоғам қайраткері. 16 жыл қу елінің болысы қызметін атқарып, ел арасына жаңалық енгізуші, білім мен өнерді қолдаушы болған. Ата қонысында орналасқан Қоянды жәрмеңкесінің өркендеуіне, орыс, татар, өзбек көпестерімен сауда-саттықтың дамуына көп күш салған. Дүкен ұстап, қыр қазағының өнеркәсіп өнімдеріне сұранысын өтеуге тырысқан. Егін егіп, мал тұқымын жақсарту мен айналысқан. Еуропалық үлгідегі қазақ-орыс мектебін ашып, оны бітіргендерді өз қаражатымен Қарқаралы, Семей, Омбы оқу орындарында оқытқан. Әнші, күйші, серілерді, фельдшер, ісмер адамдарды жанында ұстаған. Балуандарымен, жүйрік аттары мен даңқы жайылған.

  • 1905 ж. Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды.
  • 1910 ж. қазақтарды патша үкіметіне бағынбауға, сырттан көшіп келушілерге жер бермеуге, Қазақстанды Ресей империясынан бөліп алуға үгіттеді деген айып тағылып, әкімшілік жағынан жауапқа тартылды.
  • 1917 ж. 16 наурызда Қарқаралы уезі қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
  • 1918-1920 ж. Алашорданың елдегі сүйеніштерінің бірі болды.
  • 1921-22 ж. Кеңес орындарына елге сыйлы азаматтардың сайлануына ықпал жасады. Аштыққа ұшыраған Торғай еліне Семей өңірінен жәрдем малын жинастыруға ат салысты. Мал-мүлкі әлденеше рет тәркіленді.
  • 1927 ж. Қызылжарға, одан Башқұртстанға кетуге мәжбүр етілді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала