Коммуналдық шаруашылық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Коммуналдық шаруашылық. Облысты электрэнергиясымен жалпы белгіленген қуаты 1916 мВт, қолдағы бары 1953 мВт, нақты өндіретіні 1465 мВт болатын 8 жылу электростанциясы (КарМАЭС 1,2, ЖЭО - 2,3, ЖЭО - ПВС, Жезқазған, Балқаш, Тентек ЖЭО) 82% қамтамасыз етеді. 250-300 мВт мөлшеріндегі жетпейтін бөлігін облыс Қазақстанның энергожүйесінен алады. Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы — 2134,7 км, оның ішінде: магистральді — 568,4 км; кварталішілік — 1566,4 км құрайды.

Тұрғын үй қоры.

Қарағанды қаласының тұрғын үй қоры, оның ішінде: көп қабатты тұрғын үйлер саны 7676, үйлердің ауданы — 17105,38 шаршы метр құрайды, бір қабатты үйлер саны — 97866, ауданы 8517,12 шаршы метр.

Сумен жабдықтау.

Қарағанды облысы бойынша 2002-2010 ж. «Ауыз су» бағдарламасы ҚР Үкіметінің 23 каңтарындағы №93 «2002-2100 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» және 2002 ж. 24 сәуірдегі №470 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыру бойынша іс шаралар жоспары туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді. Қазіргі кезде облыста 175 су кұбырлары, оның 13-і қалалық мекендерде, 160 ауылдық және 2 топтама су кұбырлары бар. Орталықсыздандырылған көздерден (скважиналар, құдықтар) 314 елді мекендер жабдықталады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала