Автовокзалдар және автостанциялар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Сапар» ЖШС Қарағанды облысы бойынша автовокзалдар мен автостанцияларды біріктіреді, оларда 186-ға жуық адам жұмыс істейді. Алғашқыда бұл кәсіпорын «Автовокзалдар мен автостанциялар бірлестігі» деп аталды, кейін Қарағанды бас автовокзалы деп өзгерді. 1996 ж. кәсіпорын акционерлік қоғамға айналды, ал 1998 ж. «Сапар» ЖШС деп өзгерді. Қарағанды автовокзалының тәуліктік өткізу қабілеті 15 мың жолаушы болады. Автовокзалдан жолаушылар мен жүктерді келесі бағыттар бойынша тасымалдау іске асырылады: бір күнде 6-8 жөнелту, 8 халықаралық маршруты; күн сайын 42 жөнелту, 9 халықаралык, облысаралық маршруттар; күн сайын 254 жөнелту, 11 қала маңы маршруттары.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify