Байшоқы кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:16, 2025 ж. қарашаның 25 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Байшоқы (Байсалбай) кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХIХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Арал ауданы, Ақшатау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 км жердегі жайдақ төбенің үстінде орналасқан.

Сипаты

Байшоқы (руы әлім-жақайым) ХIХ ғасырда өмір сүрген және болыс басқармашылығында қызмет істеген.
Ескерткіш тікбұрышты қам кесектерден (10х17х32 см) тұрғызылған, аумақтық өлшемдері: негізіндегі диаметрі 6,60 м, сақталған биіктігі 3,30 м.
Мазар бір камералы, негізгі аумағы дөңгелек. Аркамен көмкерілген кіреберіс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған. Мазардың төменгі жағы ірі көлемді кесектерден қаланған.
Ішкі бөлігінде сылақтың және әктің қалдықтары сақталған. Олардың бетіне сұр түсті бояумен "шырша" түріндегі өрнектер салынған. Қабір үсті ескерткішінің ізі байқалмайды.
Ескерткішті 1983 жылы ҚазКСР-нің тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының, 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициялары зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011.– 504 бет. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер