Тоқтықара кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:39, 2025 ж. қазанның 30 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Тоқтықара кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Мұратбаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, каналдың сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Кесене тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері – 8,92х8,59 м, сақталған биіктігі – 4,84 м, қабырғасының қалыңдығы – 1,1 м. Ескерткіш бір бөлмелі, орталықтанған типтегі кесенелердің бір түріне жатады.
Шаршы пішінді болып келген жерлеу камерасының негізгі аумағы цилиндрлі күмбез асты барабанына қондырылған күмбезбен (қазіргі уақытта қираған) көмкерілген. Кіреберіс ойығы оңтүстік-батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Ескерткіштің тартымды ерекшелігі – оның бүйірлік қасбеттерінің аркалық қуысты кең жауырыншалар түрінде болуы.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбезге өту жергілікті құрылыстарға тән дәстүрде – камераның бұрыштарындағы қаландыдан шығарылған парустар арқылы іске асырылған. Қабір үсті ескерткішінің қалдығы, сірә, күмбездің құлап түскен үйіндісінің астында жатса керек.
Ескерткішті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер