Қасым ата кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Қасым ата кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде орналасқан.

Аңыз деректер

Кесене Қызылқұмдағы кеуіп қалған Оғыз жылғасы арнасының бойындағы қалың сексеуіл өскен құм төбелердің бірінде орналасқан. Кесенені бір ғасыр бұрын В. Каллур көріп, құлаған күмбез туралы жазған (кесене неге "Күмбезі ойық" немесе "Төбесі ойық" деген ат алған). Кесененің осы ерекшелігі құс қуалайтын аңшы туралы аңызды өмірге алып келді. Аңыздың желісі бойынша, аңшы атқан құс үнемі осы кесененің күмбезіне құлаған. Аңшы ол жерден олжасын өмірі ала алмаған. Бірде аңшы ашуланып, кесенеге қарғыс айтқан. Сол кезде күмбез құлаған дейді.

Сипаты

Қазіргі кезде кесене қатты бүлінген: тек камера қабырғаларының бөліктеріне жанасып жатқан солтүстік аркалы тромп пен оның үстіндегі күмбез қаландысының бірнеше қатары ғана сақталған. Солтүстік тромплары толтырылған қуыс қираған, бірақ осындай жер, кірпіштердің бұрышымен қаланған сталакиттерге тіреліп тұрған жарты арканың төменгі бөлігі, жарым-жартылай болса да оңтүстік бұрышында сақталған. Кесененің қазіргі апатты жағдайы шаруашылық қызметтерінің әсерлерінен бүлінген.
Кесене негізінен күйдірілген кірпіштерден (27х27х6 см, 10 қатар+10 жым 0,64 м) тұрғызылған, қиранды үйіндінің жоспарындағы аумақтық көлемі 12,50х10,90 м, сақталған биіктігі 4,35 м. Қалдықтарына қарағанда кесене бір камералы, босаға-күмбезді, кіреберіс ойығы оңтүстік бөлікке бағытталғын құрылыс түрінде болып келген.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өтуі бұрыштық аркалы тромптар арқылы іске асқан.
Қамера қабырғаларының ортасына бұрыштық аркалы тромптардың аралығындағы кеңістікті толтыратын тағы төрт арка қаланған. Бір тегістікте орналасқан және терең емес текшелерді құрайтын бұл аркалар да қосарланған. Осы аркалардың салдарынан пайда болған сегіз қырлылының үстіне күмбез орналасқан.
Сыртқы қабырғада (солтүстік-шығыс) аркалы қуыс бар, оның оңтүстік-батыс бағытта болуы, оның михраб екендігіне күмән келтірмейді. Кейінірек кесененің осы жеріне мешіт жалғастырылып салынса керек. Себебі, кесененің солтүстік-шығыс жағында қам кесектерден тұрғызылған үлкен құрылыстың қалдықтары сақталған.
Кесене XIII ғасырдың аяғында тұрғызылса керек. Себебі, оның архитектурасына ұқсастықтарды маңайындағы ескерткіштерден кездестіруге болады.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер