Қалқай ишан кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Қалқай ишан кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасыр сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан.

Тарихи деректер

Қалқай ишан, Қалмұхамед Маралұлы (1815, Сыр мен Торғай өңірі – 1870, Қармақшы өңірі) – діни қайраткер. Марал ишанның үлкен баласы.
Қалмұхамед ишан танымал әулие және діни ұстаз болған. Әкесінен діни тағылым алып, кейін Бұхара мен Бағдат қалаларындағы діни медреселерде оқып, білімін толықтырған. Қалқай ишан мешіт, медресе салып, жастарға мұсылмандық білім берумен қатар, елді егіншілікке үйреткен.
Бүгінде Қалқай Ишан халық арасында әулие аталып кеткен. Оның бейіті тәуап ету орнына айналған.

Кесене сипаты

Деректер бойынша кесенесін Түркістан шебері салса керек. Ескерткіш тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған. Екі камералы кесене (жерлеу және кіреберіс камерасы) ұзына бойғы өсте орналасқан, олар призматикалық корпусқа кіреді. Жерлеу камерасы жазық конусты күмбезбен көмкерілген, күмбез асты барабанмен жалғасып жатыр. Камера негізінің шаршысынан дөңгелек келген күмбезіне камера бұрыштарын тартып қалаудағы желкендер арқылы өткен. Жерлеу камерасына кіреберіс камерасы оңтүстік-батыстан жалғасып жатыр, ол пішіні тікбұрышты келген, биік күмбезбен жабылған, қапталдағы қабырғаларында аркалық нишалар салынған. Бұл камераның (оңтүстік-батыс) негізгі фасады портал түрінде болып келген. Орталық бөлігінде биік аркасында есігі бар, порталдың бұрыштарына төрттен үш бөлігіне дейін дөңгеленген, еркін күмпиген мұнаралар орнатылған.
Қам кесектердің және тартып қаланудан шыққан желкендердің пайдаланылуынан жергілікті дәстүр белгілерінің көрінуі, ал негізгі фасадтан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ұқсастықтардың байқалуы, Қалқай кесенесінің өзгеше ерекшеліктерін аңғартады. Бұл – Сырдария өзені сағасындағы шикі кірпіштен салынған монументалды кесене болғандықтан, өзіндік сәулеттік өнер тұрғысынан бірегей және маңызды нысандардың бірі болып табылады.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер