Қоржынды

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:53, 2023 ж. сәуірдің 2 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Түбек ҚоржындыАрал теңізінің солтүстік жағалауындағы түбек.

Сипаты

Абсолюттік биіктігі 108 м. Ақтөбе облысына қарасты жерінде құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым (мола) бар. Теңізге жағалауы жарқабақты. Биіктігі 32 м-ге дейін жетеді. Жер қыртысы олигоцендік саз, құмдық мергельден тұрады. Түбектің батысында Құмсуат, шығысында Безымянный мүйістері орналасқан. Табиғаты өте қатаң, жазы ыстық, қысы суық, сусыз шөл дала.

Өсімдігі

Өсімдік жамылғысын жусан, еркекшөп, әртүрлі бұталар мен эфемерлер құрады. Қоржынды түбегін жаз айларында жайлауға ғана пайдаланған.<ref>"Қарқаралы" кітабы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер