Жалаңаш (Қызылорда облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЖалаңашҚызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Мергенсай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км-дей жерде, Үлкен Сарышығанақ көлінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Тарихы

Бұл жерді "Жамбыл", "Бірлестік" деп те атайды. Бұрын "Жамбыл", "Бірлестік" балық колхоздары бірігіп, осы жерде "Жамбыл" колхозы құрылған. 1997 жылы Жамбыл өндірістік кооперативі болып қайта құрылған. Жалаңашқа Мергенсайдағы, Үшшоқыдағы, Сарықұмдағы тұрғындар көшіп келіп, Жалаңаш ауылы болып қайта құрылған. Ауыл маңында ешқандай ағаш, өсімдік өспейтіндіктен, «жалаңаш жел өтіндегі мекен» мәнінде қойылған атау. <ref>« Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 669 адам (338 ер адам және 331 әйел адам) болса, 2009 жылы 681 адамды (345 ер адам және 336 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері