Райым
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:48, 2022 ж. шілденің 31 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету
Райым — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Жетес би ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстікке қарай 115 км жерде, Райымкөл көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 292 адам (152 ер адам және 140 әйел адам) болса, 2009 жылы 306 адамды (159 ер адам және 147 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>
Тарихы
Іргесі 1932 жылы балық аулайтын ұжымшар ретінде қаланды. Кейіннен ұжымшар орталығы Қызылжар ауылына ауысты. 1996 жылы Райымда шаруа қожалықтары құрылды. Теңіз суының қайтуына байланысты ауылда балық кәсіпшілігі тоқтады. Тұрғындары негізінен мал бағады, балық аулайды. Елді мекен жанында ортағасырлық Райым қамалының орны сақталған.