Сексеуіл (кент)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

СексеуілҚызылорда облысы Арал ауданындағы кент, Сексеуіл кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км-дей жерде, Алтыншоқысу тауларының оңтүстік баурайында, қуаң шөлді белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 8347 адам (4117 ер адам және 4230 әйел адам) болса, 2009 жылы 9296 адамды (4616 ер адам және 4680 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

Іргесі Орынбор-Ташкент темір жолы магистралін (20 ғасырдың бас кезі) салуға байланысты қаланған. Кентте темір жол стансасының локомотив депосы, "Құланды асыл тұқымды жылқы" зауытының орталығы орналасқан. Соңғы халық санағы бойынша Сексеуіл кентіндегі халық саны 11 мың болды. Бұл Сексеуіл кентінде демографияның өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері