Айдарбек Асанұлы Қожаназаров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Айдарбек Асанұлы Қожаназаров (26 қараша 1983 жыл, Қызылорда) — қазақстандық топ-менеджер әрі саясаткер, құрылуынан бері Respublica саяси партиясының төрағасы (2021 бастап),<ref>Үлгі:Cite web</ref> Қазақстан Мәжiлiсі VIII-сайланымының депутаты (2023 бері), «Олжа Агро» холдингінің Бас директоры (2019 бастап) және «Иволга-Холдинг» (2017–2019).

Өмірбаяны

26 қараша 1983 жылы Қызылордада дүниеге келген. Қостанайда орта мектепті бітіріп, «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (Нархоз) және «Мұнайгаз жобаларын басқару» мамандығы бойынша Данди Университетін бітірген.

2006-2009 жылдары «БТА Банкі» жұмыс істеп, Islamic Banking басқармасының жетекшісі, кейін Дубайдағы өкілдіктің басшысы қызметтерін атқарды.

2009-2015 жылдары «APK Olzha Holding» компаниялар тобында холдинг стратегиясы мен перспективті даму жөніндегі басқарушы лауазымдарды атқарды.

2015-2016 жылдары «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орныбасары болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2016-2017 жылдары «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2017 жылдың желтоқсан айында «Иволга-Холдинг» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды. <ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> 2019 жылдың ақпан айында Қазақстандағы ірі агрохолдинг саналатын «Олжа Агро» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды. Қызмет барысында холднигтің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің өсіміне қол жеткізді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылы құрылған Respublica саяси партиясын басқарады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер