Сәуле Мейірбекқызы Егембердиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:32, 2026 ж. наурыздың 10 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Сәуле Мейірбекқызы Егембердиева — экономика ғылымының докторы (2011), доцент (2004), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1972 жылы 7 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған.

Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технологиялық институтын (1994, қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті), Қызылорда мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1999) бітірген. Қызылорда агроөнеркəсіп өндірісі инженерлері институтында ассистент, оқытушы (1994-96), Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1999-2000), кафедра меңгерушісі (2000-05), 2005 жылдан бастап Еуразия ұлттық университетінде доцент.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты ҚР мұнай-газ кешені мəселелеріне арналған. Зерттеу нəтижелер заманауи жаһандық экономиканың негізгі талаптарына сəйкес халықаралық ынтымақтастық тұрғысында ҚР-ның мұнай-газ кешенінің стратегиялық дамуына бағытталған, олар жоғарыда аталған университеттердің оқу үрдісінде, "ҚазТрансОйл" АҚ, "Торғай-петролеум" АҚ қызметтерінде пайдаланылды.
"Жаһандану жағдайындағы ҚР мұнай бизнесінің даму стратегиясы: теориясы, əдіснамасы, тəжірибесі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1 ғылыми əдебиет, 4 оқу құралы, 4 оқу-əдістемелік құралдың, 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

Марапаттары

  • Университет ректорларының грамоталары, алғыс хаттары, ғылыми сыйлықтар, ғылыми стипендиялар және гранттары (2001, 2008, 2009, 2010, 2012, 2014).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
  • Құрмет Грамотасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (2021).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер